19 нау, 2020 сағат 13:47

Инфекция ошақтары туралы Алматыда тараған ақпарат жалған – әкімдік

Алматыда коронавирус инфекциясының ошақтары анықталғаны туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпарат жалған. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтсақ, тарап жатқан ақпаратта індет тіркелген қауіпті аймақтардың тізімі көрсетілген. Олардың ішінде Бағанашыл шағынауданы, Гоголь-Сейфуллин, Гоголь-Қонаев көшелері, «Сұңқар» тұрғын үй кешені, «Алтай 1» шағынауданы көрсетілген. Сондай-ақ «вирус жұқтырғандардың мекенжайлары» деп 12 үйдің тізімі берілген. 

Қала әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Әсет Мұқажанов бұл ақпараттың барлығы жалған екендігін мәлім етті.