Фото: видеодан скриншот
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Абдукәрімованы және оның ата-анасын өз шаңырағына арнайы шақырып, ілтипатпен қарсы алды, деп хабарлайды Ult.kz.
Отбасы мүшелері бір дастарқан басына жиналып, әңгіме-дүкен құрып, көптен бері қауышпаған кездесу сәтінің қуанышын бірге бөлісті.
Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі жазбасында бұл басқосудың мән-маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, балалары Мальдив аралдарынан демалыстан оралып, әулеттің басы қосылып, мерекелік көңіл күй орнаған.
«Барлығы көріп жүрген күлімсіреу — шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді. Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға — жеткілікті…», – деп жазды продюсер.
Танымал продюсер Қайрат пен немерелеріне жаңажылдық сыйлықтар табыстады.
