29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешіттерінде Жамбыл облысындағы жарылыста қаза тапқандардың рухына бағышталып Құран хатым оқылады, деп хабарлай "Ұлт ақпарат" Қазақстан мұсылмандары дініи басқармасына сілтеме жасап.
«Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда.
Осыған орай 29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешіттерінде Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты олардың рухына бағышталып Құран хатым дұғасы оқылады», делінген хабарламада.
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды.
Соңғы мәлімет бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 13 адам қаза тапқан.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, барлығы 98 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың 37-сі ауруханаға жатқызылып, қалғандары жарақат пункттерінде тиісті көмек алып, үйлеріне жіберілген.