30 қыр, 2025 сағат 11:52

Елімізде 100 жастан асқан 448 азамат өмір сүріп жатыр

Фото: Freepik

Қазақстанда 100 жасқа толған және одан асқан 448 адам өмір сүруде. Олардың ішінде ең қарт қазақстандық – Ұлытау облысының тұрғыны, биыл 115 жасқа толған, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұзақ жасаушылардың ең көп шоғырланған өңірі – Алматы қаласы. Мұнда 100 жастан асқан 58 тұрғын бар. Екінші орында – Түркістан облысы (53 адам), үшінші орында – Алматы облысы (37 адам).

Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне:

  • Ұлытау облысының тұрғыны – 115 жас,

  • Павлодар облысының тұрғыны – 113 жас,

  • Жамбыл облысының тұрғыны – 110 жас кірді.

Еске салайық, жыл сайын 1 қазанда әлемде, соның ішінде Қазақстанда да Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл күнді 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған.

Мерекенің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың еңбегін құрметтеу, олардың қоғамдағы орнын дәріптеу және өмір сапасын жақсартуға назар аудару.