09 шіл, 2022 сағат 21:01

Елена Рыбакина "Уимблдонда" топ жарды - видео


Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина өз карьерасында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің финалында ойнап, жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисшінің финалдағы қарсыласы әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабер болған еді.

Отандасымыз бірінші сетте 3:6 есебімен жеңілгенімен, екінші сетте қарсыласын 6:2 есебімен ұтты. Елена үшінші сетте де керемет өнер көрсетіп, қарсыласын 6:2 есебімен қапы қалдырды. Осылайша, ол жалпы есепте қарсыласынан басым түсті.

Бұған дейін бірде-бір қазақстандық теннисші мұндай белесті бағындырып көрмеген.