Экзит-полл нәтижесі бойынша, Украинадағы президент сайлауында сайлаушылардың 73,2% - әртіс Владимир Зеленскийге, 25,3% елдің қазіргі Президенті Петр Порошенкоға дауыс берген. Сайлаушылардың 1,5% екі үміткерді де сызып тастаған немесе бюллетеньді бүлдірген.
Бұған қоса, экзит-полл қорытындысы Владимир Зеленскийдің Украинаның барлық аймағында басымдыққа ие болғанын көрсеткен. Бұл - Киев уақытымен кешкі сағат 18.00-дегі (Нұр-Сұлтан бойынша кешкі сағат 21.00) жағдай.
Айта, кетейік, сәуірдің 21-і Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өтті.