Екібастұзда ер адам оқ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
«23 ақпан күні сағат 08:00-08:10-де Екібастұздағы Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамға атыс қаруынан оқ атты. Ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөліміне сәйкес сот алдындағы тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасауда күдікті тұлғаны анықтауға бағытталған жедел-іздеу шаралары өткізілуде», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Полиция аталған факті бойынша қандай да бір ақпарат білетін болса хабарласауын сұрайды. Құпиялылық сақталады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.