Олжас Абайдың экс-жары жазбасымен ойландырып қойды

Олжас Абайдың экс-жары жазбасымен ойландырып қойды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Аймира Аман әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, оның астына тағдыр мен өмір сынақтары туралы өлең жолдарын жазды, деп хабарлайды ult.kz.

Актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы жариялаған шумақтарда қайғы мен бақыт, адамның өмірден іздегені және уақыттың берер жауабы сөз болады.

“Жалғаннан адам жақұт тереді,

Жауап қайтарар уақыт келеді.

Елде жоқ қайғы берген Жаратқан,

Ешбір жанда жоқ бақыт береді.

Дүние басқа, менің дүнием басқа. Мен басқамын, басқалар басқа”, – деп жазды әнші.

Аймира Аман жазбасының қандай жағдайға байланысты жарияланғанын ашып айтпаған. Сондай-ақ бұл сөздердің нақты бір адамға арналғанын да мәлімдемеген.

Айта кетейік, Дариға Бадықованың экс-күйеуі мәлімдеме жасады.

Олжас Абай кім? 
 

Олжас Абай - қазақстандық театр және кино актері, әнші. Көрерменге “Оchooou” (“Очоу”) сахналық есімімен де таныс. Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында актер мамандығы бойынша білім алған. Киноға келмес бұрын театр сахнасында алты жыл еңбек еткенін НТК арнасына берген сұхбатында айтқан.

Оның көпшілікке танылуына “Брат или брак” комедиясы ықпал етті. Сондай-ақ “Сиситай”, “Класстастар”, “Брат или брак 2”, “Гудбай, мой бай 2”, “Без крыши” және “Базар жоқ, Мексика!” фильмдерінде ойнаған. Фильмографиясында “Тар заман” тарихи туындысы да бар.

Олжас актерлікпен қатар әншілікпен де айналысады. Өнер иесінің айтуынша, бастапқыда ән айтуды хобби ретінде қабылдаған. Кейін тыңдарман сұранысына байланысты кәсіби түрде дайындала бастаған. НТК арнасының 2019 жылғы материалында оның репертуарында 40-қа жуық ән болғаны және бірнеше бейнебаян түсіргені жазылған. Сол сұхбатында режиссерлікке де қызығатынын жеткізген.