“Жақсы жаңалығым бар”: Дариға Бадықованың экс-күйеуі мәлімдеме жасады

“Жақсы жаңалығым бар”: Дариға Бадықованың экс-күйеуі мәлімдеме жасады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы, актер Дархан Мұсаев көпшілікке жақсы жаңалығы бар екенін жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.

Ол сөзінде адам жоспарлаған дүниенің бәрі бірдей орындала бермейтінін айтып, Алланың қалауына сенетінін білдірді.

“Құдайдың құдіретіне көзім жетті. Адамның емес, Алланың айтқаны болады екен. Жақсы жаңалығым бар. Алдағы уақытта бөлісіп отырамын”, – деді Дархан Мұсаев.

Алайда актер жаңалығының нақты неге қатысты екенін ашып айтпады. 

Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың жаңа әндері шықты.

Дариға Бадықова кім? 
 

Дариға Болатқызы Бадықова – қазақстандық актриса, әнші және кинопродюсер. Ол 1985 жылы 1 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында “Музыкалық драма және режиссура” мамандығы бойынша білім алған. Өнер жолын режиссер Болат Атабаевтың “Ақсарай” музыкалық театрында бастаған. Театр сахнасында “Қыз Жібек” қойылымындағы Қамқа бейнесін сомдаған.

Кейін кино мен телехикаяларға түсіп, көпшілікке танылды. Көрермен оны әсіресе “Келінжан” телехикаясындағы Айсара рөлі арқылы біледі. Сондай-ақ “Қазақша бизнес” фильмдер сериясына, “Ғашық жүрек”, “Тракторшының махаббаты” жобаларына қатысқан. 2023 жылы жарық көрген “Таптым-ау сені” романтикалық комедиясында продюсер әрі басты рөлді орындаушы ретінде танылды. Бұл фильмде актер Олжас Абаймен бірге ойнаған. Кейін аталған картинаның жалғасын түсіріп, кино өндірісіндегі жұмысын жалғастырды.