Екібастұзда белгісіз біреу ер адамды атып өлтірді (Видео)

Екібастұзда белгісіз біреу ер адамды атып өлтірді (Видео)

Екібастұзда ер адам оқ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

«23 ақпан күні сағат 08:00-08:10-де Екібастұздағы Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамға атыс қаруынан оқ атты. Ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөліміне сәйкес сот алдындағы тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасауда күдікті тұлғаны анықтауға бағытталған жедел-іздеу шаралары өткізілуде», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов. 

Полиция аталған факті бойынша қандай да бір ақпарат білетін болса хабарласауын сұрайды. Құпиялылық сақталады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.