Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Жетісу облысында Алматы – Өскемен тасжолында болған жол апатынан екі адам мерт болып, тағы 10 жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды ult.kz.

Тараған ақпаратқа сәйкес, Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусы КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Соқтығыс салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмған.

Микроавтобуста болған тағы 10 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Олардың қазіргі жағдайы мен алған жарақаттарының ауырлығы туралы мәлімет нақтыланбаған.