13 мам, 2021 сағат 23:22

"Ирина Қайратовна" Дудьқа сұхбат берді (Видео)


Ресейлік танымал журналист, видеоблогер, 9,13 миллион жазылушысы бар YouTube-арнасының жүргізушісі һәм авторы Юрий Дудь соңғы жылдары музыкалық туындыларымен ел арасында кеңінен танылып, жастардың ықыласына бөленіп жүрген қазақстандық «Ирина Кайратовна» тобының мүшелерімен сұхбат құру үшін Алматыға келді. Олар локация ретінде шаһардың және Жетісу өңірінің бірқатар көрікті орындарын да аралады.

Сұхбат барысында «Борат» фильмі, елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық, Қазақстан мен Ресейге ортақ проблемалар һәм саяси тақырыптар жайында әңгіме қозғалды.

Интервьюдің қалың көпшіліктің көңілінен шыққанын әлеуметтік желілердегі жұрт пікірінен-ақ аңғаруға болады.

Бұған дейін Юрий Дудь қазақстандық әзілкеш Евгений Чебатковпен сұхбат құрып, дарынды қазақстандықтар тізімін көрсеткен еді.


Юрий Дудьтің тізіміне режиссерлерден - Айсұлтан Сейітов, Медет Шаяхметов, Қанат Бейсекеев, Қуаныш Бейсеков, музыканттардан - Скриптонит, Jah Khalib, МЧТ, IMANBEK, Димаш Құдайберген, Zoloto, 104, Truwer, M'Dee, The Limba, Dequine, Niman, Кисло-Сладкий & Bonah, ИК, Alphavite енген.

Ал, әзілкештерден - Нұрлан Сабуров, Евгений Чеботков, Вячеслав Никифоров, Медет Қалибеков, Ғалым Қалиақбаров және Біржан Қабылбаев.


Айта кетейік, бұған дейін журналист қазақстандық музыканттар Скриптонит, Jah Khalib, комиктер Нұрлан Сабуров және Евгений Чебатковпен сұхбаттасқан болатын.

"Ирина Қайратовна" тобының мүшелері - әзілкеш және музыканттар Алдияр Жапарханов, Илья Гуменный, Жасұлан Оңғаров, Азамат Маркленов, Ұлан Қайырласов және жобаның режиссері Қуаныш Бейсеков. Шығармашылық бірлестік Қазақстан астанасында 2017 жылы пайда болып, өз жолын YouTube-те "Шоу Ирины Кайратовны" атты арнадағы әзіл-сықақ видеолардан бастаған.

Иә, қысқа уақыт аралығында олар түсірген скетчтер тез тарап, «Ирина Кай­ратовна» аудиториясы Қазақстан ғана емес орыс тілінде сөйлейтін өзге елдерді де қамтып, тез таныла бастайды.

Әзіл-сықаққа негізделген ­сю­­­­­­жеттерден соң, ізденісте жүр­ген жігіттер рэп стилінде ән жа­­­зу­­ды қолға алады. Өздері бұл бас­­­та­масының кәсіби дең­гей­­ге көтеріліп келе жатқа­ны­на ерек­­­ше қуанышты, ал тың­дар­ман­­дар топтың бұл бағыт­тағы жұ­мыс­тарын да оң ықылас­пен қабыл алды. «Кім білсін, білік­тілігімізді шыңдай отырып, кәсіби деңгейге дейін көтерілерміз. Арнамызда және әлеуметтік же­лілерде одан да көп әндер болады. Содан кейін «Барыс Арена» стадионын толтыруға тырысамыз», деген музыкантар келешекке батыл жос­пар құрады.