13 ақп, 2024 сағат 16:50

Дөрекі бірнәрсе айттым деп ойламаймын — Анас Бекқожаев халықтан кешірім сұрамайтынын жеткізді


Журналистер мәжіліс депутаты Анас Бекқожаевтан еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес күнтәртібінде тұрған күрделі мәселе екеніне қарамастан, не себепті жанжалға әйелдің ұзын тілін кінәлайтынын сұрады. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" хабарлайды.

Депутат оның сөзін көпшілікке дұрыс жеткізбеген журналистерді кінәлады. Айтуынша, сол күні сөз алғанда жаңа заң жобасын қолдайтынын және әрбір ер адам өзінің жасаған іс-әрекетіне жауап беретінін тілге тиек еткенін жеткізді. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары бұл бөлімді ескермеген, деп ренжіді ол.

Екінші мәселе – психологиялық құралдарға назар аудардым. Егер ер адам әйелді физикалық тұрғыдан жарақаттаса, тиісінше, әйел оның психикасын бұзады. Мұнда жанжалдың соңы міндетті түрде зорлық-зомбылықпен немесе төбелеспен аяқталу керек деген сөз емес. Физикалық зардап қалдыруды мүлде жоққа шығарамын. Кез келген физикалық зорлық-зомбылыққа қарсымын", – деп түсіндірді Анас Баққожаев.


Сонымен қатар депутат бұл жағдайда қазақстандықтардан кешірім сұраудың ретін көрмейтінін айтты. Айтуынша, ол ақпараттық хейтке ұшыраған.

"Менің ойымша, бұл – нағыз хейт. Егер логикалық тұрғыдан қарасақ, әрбір журналист неліктен бұлай айтылды деп ойлану керек еді. Адам жалпы нені меңзеп тұр? Айтып тұрмын ғой. Бұған дейін әлеуметтік желіде "Отбасы кодексі" кітабын шығармай тұрып, тұрмыс мәселелерін көп зерттедік. Шынтуайтында, жанжалдың шығуына әйелдің тікелей себепкер екенін және мұндай жайттар көп екенін атап өткім келеді. Сол кезде, әуелі, әйелдер мені кешірсін, бірақ мұндай фактілер де бар деп айттым. Бірақ дөрекі бірнәрсе айттым деп ойламаймын. Пікірді айтуға құқығым бар. Егер бұл туралы он мыңнан аса отбасы талқылаған болса, ойымның оң болғаны", – деп түйіндеді депутат Анас Баққожаев.


Еске салайық, мәжіліс депутаты Анас Баққожаев әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын таныстыру барысында жанжалдың шығуына көп жағдайда әйелдің "шағып" сөйлеуі себеп екенін айтқан болатын.