19 мам, 2021 сағат 21:18

Дэвис кубогы: Қазақстан теннис құрамасы матчтарының қашан өтетіні белгілі болды


Дэвис кубогы финалдық кезеңінің кестесі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, айтулы дода 25 қараша күні Мадрид, Турин және Инсбрук қалаларында басталады.

Қазақстан құрамасы Мадридте В тобында 27 қараша, сенбі күні Швеция теннисшілерімен күш сынасады. Келесі күні Канада құрамасымен кортқа шығады.

Екі матч та Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де басталады.

Жарыстың ширек финалдық ойындары 29 қараша - 2 желтоқсан күндері өткізіледі. Жартылай финал 3 және 4 желтоқсанға, финал 5 желтоқсанға белгіленген.