20 ақп, 2021 сағат 14:40

"Бүкіл еліміздің басына түскен трагедия" - Тоқаев бес баланың қазасы туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-аналары мен туыстарына жұбату лебізін білдірді. 

Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. 

Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді» , - деп жазды Берік Уәли.