18 қаз, 2021 сағат 21:25

Бокс: Әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы жасақталды


Бокстан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлем чемпионаты Сербия астанасы Белград қаласында өтеді. Аталған дүниежүзілік біріншілік 25 қазан мен 8 қараша аралығына жоспарланған.

Қазақстан құрамасынан әлем чемпионатына 13 былғары қолғап шебері қатысады. Боксшылар екі мәрте ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиыны барысында нақтыланды.

Олар:

48 келі: Теміртас Жүсіпов 

51 келі: Сәкен Бибосынов 

54 келі:Сабырхан Махмұт 

57 келі: Серік Теміржанов 

60 келі: Санаталі Төлтаев

63.5 келі: Саматәлі Төлтаев

67 келі: Абылайхан Жүсіпов

71 келі: Асланбек Шымбергенов

75 келі: Нұрқанат Райыс 

80 келі: Нұрбек Оралбай 

86 келі: Бек Нұрмағанбет

92 келі: Айбек Оралбай

91 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Нұрлан Сапарбай 


Айта кетейік, осы жолы өтетін Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрайды.


Жеңімпаз 100 000 доллар алса, күміс жүлдегерге - 50 000, қола жүлдегерге 25 000 доллар бұйырмақ.