06 мау, 2019 сағат 09:27

Білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 айға қамауға алынды

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 айға қамауға алынды. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу  соты күдікті Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызына  қатысты 2 ай мерзімге, яғни осы жылғы 2 тамызға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау  шарасын санкциялады», - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталғандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.