29 мау, 2019 сағат 10:29

Білім министрінің көмекшісі қаржыны жымқыру күдігімен ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру фактісін анықтап, ҚР Білім және ғылым министрінің көмекшісін қамауға алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Оған студенттер үшін жазғы білім беру стартап мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 млн теңгеден астам қарыжыны қызметтік жағдайын пайдалана отырып жымқырды деген күдік келтіріліп отыр. Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген таратылған мәліметте.

Аталған күдіктіге қатысты соңғы шешімді оның айыптылығының деңгейін анықтай отырып, сот белгілейтін болады.