03 қыр, 2021 сағат 19:11

Бекшин коронавирусқа байланысты жаңа болжамын жариялады


Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қыркүйек-қазанға арналған коронавирус бойынша жаңа болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Спикердің сөзінше, қаладағы эпидемиологиялық жағдай бұрынғы болжамға сәйкес келеді. 

«Болжам екі апта бұрын жасалды. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай соған сай келеді. Қыркүйек айының басында бір тәулікте 1 300 адам індет жұқтырды. Бұл болжам оқудың басталуымен сәйкес келді. Қазір 1 058, кеше 1 287 науқастан анықталды. Біз қыркүйекте 500-600 жағдайға дейін төмендейді деп күтеміз. Қазанда жаңа мутацияланған штамм болмаса, 100-200 жағдайға дейін төмендеуі керек», - деді Жандарбек Бекшин.