26 қыр, 2023 сағат 10:37

Атырауда экс-шенеуніктер қамауға алынды

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атырауда жер қатынастары және сәулет бөлімінің, сондай-ақ қала әкімі аппаратының бұрынғы басшылары қамауға алынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Атырау облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезінде алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінген.

"Бұл факті ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркелді.

Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр" - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.