Астанада балаларына балабақшадан орын іздеген тоғыз ата-ананы алдап, 590 мың теңге алған тұрғын 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.
Қалалық прокуратура мәліметінше, сотталған азамат сегіз ай бойы 2GIS қосымшасы арқылы балабақша іздеген ата-аналарды тауып, таныстары арқылы орын алып беруге уәде еткен. Алайда оның уәдесіне сеніп, ақша аударған тоғыз тұрғын алданып қалған.
Сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандырды.
Прокуратура ата-аналарды балабақшадан орын алу үшін тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге шақырды.