45 млрд теңгелік мұнай схемасы: жалған құжатпен 160 мың тонна өнім экспортталған

45 млрд теңгелік мұнай схемасы: жалған құжатпен 160 мың тонна өнім экспортталған
ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстаннан шетелге мұнай өнімдерін заңсыз шығарған ұйымдасқан топты әшкереледі. 2019–2023 жылдары «Batys Nefte Trade» ЖШС арқылы 160 мың тоннадан астам өнім экспортталып, операциялардың жалпы құны 45 млрд теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, Маңғыстау облысының кәсіпкері шикі мұнайды шағын зауыттарда өңдетіп, өнімге жалған сапа паспорттарын рәсімдеген. Кейін мұнай өнімдері пеш отыны ретінде көрсетіліп, Ақтау порты арқылы танкерлермен шетелге шығарылған.

Іс аясында зауыттар, танкер және өзге де мүлік тәркіленіп, заңсыз кірістер мен төленбеген салықтар бойынша мемлекетке 2 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылған.

Ақтау қалалық сотының үкімімен схеманың бес қатысушысы 8 жылға сотталды. Ал ұйымдастырушы халықаралық іздеуде жүр.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.