Атырауда 19 қыркүйекте ер адам әйелдің ауласына кіріп, ішкиімсіз жүріп терезеден бақылаған. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды Ult.kz.
Бастапқыда іс «ұсақ бұзақылық» ретінде қаралып, күдіктіге 60 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалған. Алайда жәбірленуші қосымша дәлелдер ұсынғаннан кейін іс қайта сараланып, Қылмыстық кодекстің жаңа 115-1-бабы («Сталкинг») бойынша қозғалды.
🔹 Әйелдің туыстары ер адамның әрекеттерінің жыныстық сипатта болғанын мәлімдеді.
🔹 Оқиға жария болған соң тағы бірнеше жәбірленуші дәл осы күдіктіге қатысты шағымданған.
Айта кетейік, Қазақстанда «Сталкинг» бабы 16 қыркүйектен бастап күшіне енген. Ол бойынша 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
