#
#
Жұма 05/03/2021

Алты адам қайтыс болды: БҚО-дағы апатқа байланысты тергеу басталды

  • 22.02.2021
  • 0
  • 210

Орал-Атырау тасжолында жол апаты болып, алты адам көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Toyota және Lada Priora автокөлігі соқтығысқан.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Алты адам оқиға орнында көз жұмды, бір адам ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Жолда көру мүмкіндігі нашарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 345-бабы "көлікті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша тергеу басталды.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар