10 там, 2025 сағат 21:09

Алматылық көрермендер Дженнифер Лопес концертінің ұйымдастыруына шағымданып жатыр


Фото: Видеодан скриншот

Алматылық көрермендер Дженнифер Лопес концертінің ұйымдастыруына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Айнұр есімді ТикТок қолданушы Дженнифер Лопестің Алматыда өтіп жатқан концертінің ұйымдастыру жұмыстары нашар деп бағалап отыр. 

"Концертке 15:00-де кіргізе бастаймыз деп уәде берген, 16:15-те бірақ кіргізуді бастады. Билетті және сөмкемізді екі мәрте тексергеннен кейін, екінші кезекте тағы 2 сағат тұрдық. 17:40-та кіргізуді шешті де, билеттерді, сөмкелер мен білезіктерді қайта тексерді. Ұйымдастыру жұмыстары нашар", - деп жазады ол. 


Еске салайық, бүгін, яғни 10 тамызда Алматы қаласында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтіп жатыр. 

Оқи отырыңыз: "Ұзын-сонар кезек, кептеліс": Алматыда Дженнифер Лопестің концерті өтеді