10 там, 2025 сағат 17:50

"Ұзын-сонар кезек, кептеліс": Алматыда Дженнифер Лопестің концерті өтеді


Фото: Видеодан скриншот

Бүгін, 10 тамызда Алматы қаласындағы орталық стадионда әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Концертке келушілер ұын-сонар кезекке тұрып, бірін бірі жаншып жатқан көрінеді. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеоларға қарасақ, танымал поп-жұлдыздың концертіне келушілер кезек мәдениетін сақтамай бірін бірі итеріп, концертке кіру есігінің алдында кептеліп тұрған сыңайлы. Бұны ТикТоктағы qoslike_sezimbagy парақшасынан көруге болады.

Фото: ТикТоктағы qoslike_sezimbagy парақшасынан скриншот

Кей бір қазақстандықтар Дженнифер Лопестің концерті Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына сәйкес келгеніне наразы болып, бойкот жариялағанын жазғанбыз.


Тақырып бойынша оқи отырыңыз: Абайдың мерейтойы Дженнифер Лопестің концертінің көлеңкесінде қалып қойған жоқ па? Мәдениет комитеті төрағасы жауап берді


Ұйымдастырушылардың сөзінше Алматыдағы Орталық стадионға 20 мыңнан астам көрермен келеді. Бұған дейін желі қолданушыларының арасында Орталық стадионның жөндеу жұмыстарына қатысты сын да айтылған. 

 Айта кетейік, бұл концерт Дженнифер Лопестің Up All Night атты әлемдік турнэсінің аясында өтіп жатыр. Бұған дейін әншінің концерті 1 тамыз күні Астана қаласында өткен.