25 мам, 2020 сағат 18:04

Алматыдағы блокпоста болған жол апаты: Мас жүргізуші полиция қызметкері емес

Алматы полициясы блокпосты қиратып, екі полиция қызметкерін мерт қылған жүргізуші туралы мәлімет берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желіде мас жүргізушінің өзі де полиция қызметкері деген сыбыс тарады.

«Ақпаратты растамаймыз», - деді Полиция департаментінің өкілдері.

Айта кетейік, қайғылы оқиға бүгін таңға жуық 4 блокпоста болған. BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан.