14 қаз, 2022 сағат 13:22

Алматыда заңгер әйелді өлтірді деген күдікпен бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды


Танымал заңгер Айман Асанованы өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желіде әйел заңгерді өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі іздестіріліп жатыр деген ақпарат шықты.

Алматы қалалық Полиция департаменті осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен марқұм әйелдің бұрынғы жұбайы - 1974 жылы туған Н. есімді ер адам іздеуде екенін растады.

Еске салайық, бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.