04 сәу, 2022 сағат 16:56

Алматыда адам өлтірді деген күдікті белгілі дәрігерді атқаны анықталды


Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа оқ тиіп, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін Алматы полициясы 4 сәуірде таңертең адам өлтірді деген күдікті ұсталғанын хабарлаған еді.

Гастроэнтерология институтында жұмыс істеген белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа аңшы мылтығынан оқ атылғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Алматы полициясы растады.

Шумковтың әріптестерінің айтуынша, күдікті емхана есігі алдында жәбірленушінің басына оқ атқан.

Бұған дейін қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болғаны хабарланған еді. Ақпарат "102" пультіне сағат 8:59-да түскен.

"Аңшы мылтығы оғынан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат қаза тапты. Қылмыс "ізі суымай" ашылды. Күдікті "Ұстау" арнайы жоспары барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды", - деді Әбдірахманов.