Алматы маңындағы тауларда сирек кездесетін қар барысын қазақстандық белгілі фотограф суретке түсіріп алған. Бұл туралы Дмитрий Доценко Instagram парақшасында хабарлады.
Фотографтың айтуынша, ол қар барысын жақын қашықтықтан түсіруге мүмкіндік алған. Дмитрий Доценко алдағы уақытта барыстың басқа да суреттерін жариялайтынын жеткізді.
