"Қазгидромет" РМК синоптиктері аталған аймақта дабылды ескерту жариялады.
"Күндіз 19-22 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық сақталады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-да.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 18 шілдеде республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.