Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматы әуежайында рейстер бөгелуде

Алматы әуежайында рейстер бөгелуде

Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырағандықтан, рейстер бөгелуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ұшу кестесіне қарап, Алматыдан Ақтауға, Нұр-Сұлтанға, Көкшетау мен Оралға жүретін рейстер бөгелгендігін көруге болады. Әуежайдың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. 

«Орын алған оқиғаға байланысты ұшу кестесінде аздаған өзгерістер бар», - деді Алматы әуежайының баспасөз қызметі. 

Еске сала кетсек, бүгін Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады. 

«Бүгін 17:20-да Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бірден дабыл қағылды. Оқиға орнына апаттық құтқару жасағы шұғыл аттанды. Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, борт ұшу қону жолағының бас жағында құлаған», - деді әуежайдың баспасөз қызметі.