Фото: Tengrinews.kz
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, қаладағы Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің ауқымды шоуы қала экономикасына оң әсер етіп, айтарлықтай табыс әкелді, деп хабарлайды Ult.kz.
Концертке 27 мың көрермен қатысты, оның ішінде 35 елден келген 7 мың шетелдік қонақ болды.
Бұл іс-шараның экономикалық тиімділігі жоғары көрсеткішке жетті:
- - 10 млрд теңгеден астам айналым жасалды.
- - Қала бюджетіне 600 млн теңгеге жуық салық түсті.
- - Концерт күні шетелдік туристер Алматыда 5 млрд теңгеден астам қаржы қалдырды.
Дженнифер Лопес тобы концерттің ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Әнші турының бас режиссері және техникалық директоры Григорий Антропов Алматыдағы дайындық жұмыстары барлық қаланың ішінде ең үздігі болғанын атап өтті.
Мұндай ірі мәдени іс-шаралар Алматының туристік тартымдылығын арттырып, қаланың әлемдік гастрольдік турлардың маңызды нүктесі ретіндегі мәртебесін нығайтады.
