Щучинскіде түнгі өрт: 75 адам эвакуацияланды, ішінде 20 бала бар

Щучинскіде түнгі өрт: 75 адам эвакуацияланды, ішінде 20 бала бар
Видеодан скриншот

Щучинск қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі лифт шахтасында өрт шығып, құтқарушылар 75 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Олардың 20-сы – бала, деп хабарлайды ult.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бүгін түнде болған. Құтқарушылар тұрғындарды автосаты мен баспалдақ арқылы эвакуациялады.

Өрт шағын аумақта жедел сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт немесе өзге де төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.