
Ақтөбеде бір адам коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыздағы 20.30 сағ. жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Ақтөбе қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында - 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе қаласында - 1 адам, жалпы 58 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда 2 адам және Алматыда 1 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Олардың біреуі - 1976 жылы туған шетелдік азамат, Қазақстанға бүгін түнде Лондоннан ұшып келген. Екінші адам - 1970 жылы туған Қазақстан азаматы. Екеуі де стационарда. Жағдайлары қанағаттанарлық.
Алматыда тіркелген 1992 жылы туған қыз. Науқас 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген коронавирус анықталған адаммен байланыста болған. Қазір стационарға карантинге жатқызылды .
1307 рет оқылды