02 қар, 2020 сағат 11:06

«Әліппе» оқу бағдарламасына 2021 жылы енгізіледі – Білім министрлігі

«Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстың соңы ретінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті.

Жұмыс тобы ауқымды жобаны ойдағыдай жүзеге асырып шықты. 20-дан артық отырыс өтті. "Әліппе" оқулығының ғылыми негізіне және практикалық қолданысына байланысты бірнеше ұсыныс түскен. Соның барлығы зерделенді», - деді вице-министр Орталық коммуникацияар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, осы бекіткен тізбеге байланысты барлық мектепте «Әліппе» бағдарламасы зерделенеді. 

«Одан кейін оқулық даярлаудың барлық кезеңдеріне байланысты толық талдау жасау жұмысы жүрігізіледі. Сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында енгізіледі. Жалпы, «Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланған», - деді Шолпан Каринова. 

Осы орайда вице-министр "Әліппе" оқулығын әзірлеу кезінде Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізге алынғанын еске салды.

"Сосын өздеріңізге белгілі, желтоқсан айында "Әліппемен" қоштасу өткізілетін. Қазіргі принцип те соған негізделген. Одан ары қарай "Ана тіліне" көшеді", – дейді Каринова.