Динара Сәтжанның күйеуінің жүргізушіге жасаған ескертуі талқыға түсті

Динара Сәтжанның күйеуінің жүргізушіге жасаған ескертуі талқыға түсті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

«Заман back-2» фильмінің премьерасында Динара Сәтжанның жұбайы, кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың қатысуымен болған сәт әлеуметтік желіде талқыланып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Тараған видеодан кәсіпкердің жүргізушінің құлағына қолын тигізіп, оған бірдеңе айтқанын көруге болады. Жазба авторының болжамынша, ол жүргізушіге ескерту жасаған болуы мүмкін.

Бұған жүргізушінің оның жұбайын «Динара Сәтжан» деп таныстыруы себеп болған. Желі қолданушылары кәсіпкердің ескертуін жұбайының тегіне қатысты деп топшылаған.

Сол сәтте жүргізуші дереу “Динара Жанықұл” деп атайды.

Айта кетейік, Динара Сәтжан тойда жастармен бірге торт жеп, сынға қалды.

Динара Жанықұл кім?

Динара Жанықұл - көпшілікке Динара Сәтжан есімімен танылған қазақстандық журналист, тележүргізуші және кәсіпкер. «Астана» және «Хабар» телеарналарында қызмет атқарған. Сән саласында да жұмыс істеп, «Dinara Satzhan» брендін және қазақстандық дизайнерлердің өнімдерін ұсынатын дүкендер желісін дамытқан.

2025 жылы кәсіпкер Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққанын хабарлаған. Бұдан кейін сұхбаттарда Динара Жанықұл есімімен де таныстырыла бастады.