Freedom Inside '26

Жыныс мүшесін көрсеткен астаналық 15 тәулікке қамалды

Жыныс мүшесін көрсеткен астаналық 15 тәулікке қамалды
видеодан скриншот

Астанадағы саябақтардың бірінде 40 жастағы ер адам өтіп бара жатқан адамдарға жыныс мүшесін көрсеткен, деп хабарлайды ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.

Оқиғаны байқаған куәгерлер бірден полиция шақырып, құқық бұзушы ұсталды. Медициналық куәландыру оның мас күйде болғанын анықтады.

Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.