Атырау облысының Индер ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.
"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, апат 27 қыркүйекке қараған түні Аққала ауылына баратын жолда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-пайдалану қызметінің көлігі жолда жүрген жылқымен соқтығысқан.
Жасөспірім оқиға орнында көз жұмған.
Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіп, апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.