Freedom Inside '26

Жылқы таптаған: Ат жарысы кезінде зардап шеккен бүлдіршіннің жағдайы ауыр

Жылқы таптаған: Ат жарысы кезінде зардап шеккен бүлдіршіннің жағдайы ауыр
Видеодан скриншот

Астана маңындағы Талапкер ауылында өткен бәйге кезінде 3 жасар бала ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ult.kz.

КТК арнасының хабарлауынша, оқиға кезінде бүлдіршін сегіз жасар әпкесімен бірге үй маңында ойнап жүрген. Сол сәтте ауыл көшесінде ат жарысы өтіп жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, шабандоздың аты баланы қағып кеткен.

Дәрігерлер балаға ішкі ағзалардың жарақаты, бас-ми жарақаты және қол сүйегінің сынуы диагноздарын қойған. Ол бірнеше күрделі отадан өткен.

Зардап шеккен баланың анасы кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Оның айтуынша, оқиғаға қатысы бар азаматтар әлі күнге дейін кешірім сұрамаған.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты елден кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған.

Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.