Жұбайына қол көтерген боксшы әйелімен бірге үндеу жасады (ВИДЕО)

Жұбайына қол көтерген боксшы әйелімен бірге үндеу жасады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Жұбайына қол көтерді деген айыпқа ілінген қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов пен оның жұбайы Айжан Жүсіпова бірге бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Бейнежазбада ерлі-зайыптылар болған жағдайдан кейін қорытынды жасап, некелерін сақтап қалуға шешім қабылдағандарын айтты.

Сондай-ақ Айжан Жүсіпова арызын өз еркімен қайтарып алғанын және қылмыстық істі тоқтатуды сұрағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл шешімді қабылдауға ешкім қысым көрсетпеген.

Ерлі-зайыптылар көпшіліктен өз таңдауларына құрметпен қарап, жеке өмірлеріне араласпауды сұрады.