Жұқа мұз үстінде ойнаған балалар астаналықтарды шошытты

Жұқа мұз үстінде ойнаған балалар астаналықтарды шошытты


Есіл өзенінің жұқа мұзында ойнап жүрген балалар астаналықтарды шошытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 14:36-да 102-ге Қажымұқан көшесінің бойында Есіл өзенінде балалардың ойнап жүргені туралы хабарлама келді. Оқиға орнына дереу автопатруль жіберілді. Полиция қызметкерлері ағайынды 9-10 жас аралығындағы екі баланы анықтады. Кадрларда мұз үстінде балалардың бір-бірін қуалап, әлі қалың қатпаған өзеннен әрі -бері өтіп жатқаны көрінеді. Полицейлер балалардың ата-аналарын анықтады. Оқиға орнына ұлдардың анасы шақырылды. Онымен және балалармен су айдындарында ойнаудың зияны мен зардаптары туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті су айдындарынан нәзік мұзбен өтуге қатаң тыйым салынғанын ескертеді. Мұндай ойын өте қауіпті және қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін. 

«Құрметті ата-аналар, балаларыңызға жұқа мұзбен жүру және олардың үйден тыс жерде жүріс-тұрысын бақылау қауіпті екенін ескертіңіздер!» - деп қосты департаменттегілер.