Freedom Inside '26

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы өз мансабындағы ең үлкен айқасын өткізеді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы өз мансабындағы ең үлкен айқасын өткізеді


21 тамызда суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) кәсіпқой рингте кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Германияның Гамбург қаласындағы Universum Gym залында Жан WBA International титулын қорғау мақсатында американдық боксшы Джоуи Давейкоға (21-8-4, 12 КО) қарсы жұдырықтасады.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Беделді BoxRec.com сайты Кособцкийдің алдағы айқасын үш жұлдызға бағалаған – бұл оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш. Ал бұған дейін ол көп болғанда екіжұлдызды кездесулер өткізетін. 

BoxRec.com-дағы жекпе-жектер рейтингі бокс кешінің статусына, оппозиция деңгейіне, сондай-ақ ойнатылатын титулдар беделіне негізделеді.