Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды


Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы, айқастың өтетін орны және датасы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Boxingscene.com-ның жазуынша, Әлімханұлының оппоненті – WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің «тұрақты» чемпионы, америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО). 

Орта салмақтағы кездесу 10 раундқа есептелген және ол 26 маусым күні Лас Вегаста (АҚШ) Василий Ломаченко — Масаеси Накатани бокс кешінің андеркардында өтеді. 

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет рингке 2020 жылдың қазанында шықты. Ол екінші раундта аргентиналық боксшы Гонсало Кориюды (16-4, 6 КО) нокаутқа жіберді.