Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында маңызды қауіпсіздік ережелерін еске салды, деп хабарлайды ult.kz.
Мамандардың айтуынша, төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, алдын ала дайындалған іс-қимыл жоспарын ұстану адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.