Зеленский Тоқаевқа алғыс білдіріп, Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға ниетті екенін айтты

Зеленский Тоқаевқа алғыс білдіріп, Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға ниетті екенін айтты
Ақорда

Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украинаның тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай жолдаған құттықтауы үшін алғыс білдірді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ult.kz.

Зеленский Тоқаевтың жылы лебізін жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Құрметті президент Тоқаев, жылы құттықтауыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Украина Қазақстанмен өзара құрметке, түсіністікке және халықтарымыз арасындағы ежелден келе жатқан байланыстарға негізделген достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды.

Біз алдағы уақытта да ынтымақтастығымызды нығайтуға ниеттіміз. Сізге зор табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, әл-ауқат және өркендеу тілеймін», – деп жазды Украина президенті.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтаған еді. Мемлекет басшысы украин халқына бейбітшілік, амандық пен өркендеу тілеген.