Freedom Inside '26

Жеке аулада есірткі алқабы өсірілген: 75 түп қарасора тәркіленді

Жеке аулада есірткі алқабы өсірілген: 75 түп қарасора тәркіленді
ortcom.kz

Ақмола облысының Жақсы ауданында жүргізілген «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық операциясы барысында заңсыз есірткі өсіру дерегі анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Полиция қызметкерлері Қийма ауылында өткізген жедел іс-шаралар кезінде 1969 жылы туған жергілікті тұрғынның құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіргенін анықтаған.

Тексеру барысында Киров көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласынан 75 түп қарасора табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта тәркіленген өсімдіктерге сот-химиялық сараптама тағайындалған. Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті процестік шешім қабылданатын болады.