Жас жігіттің жеті ата туралы айтқан сөзі ел талқысына түсті (ВИДЕО)

Жас жігіттің жеті ата туралы айтқан сөзі ел талқысына түсті (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Астанада Top Men of Astana байқауы өткен. Онда сымбатына ақылы жарасқан жігіттер бой көрсетуі керек еді, деп хабарлайды ult.kz.

Жүргізушінің өзі “Қазақтың жеті атасы” деп бастаудың орнына “Қазақ хандығында жеті ата деген бар. Оны біз не үшін білуіміз керек, жалпы жеті ата деген не?” деген сұрақ қояды. Қатысушы бірден “Жеті ата-жеті күнә” деп жауап берген. 

Жігіттерге арналған сайысты тамашалап отырған жұрт бірден дүрлігіп, жігіттің сөзін түзете түседі. қатысушы болса жұрт алдында күліп, көпшілікке алғыс білдірген. 

Көпшілік желіде тараған видеоның үзіндісінен кейін, пікірде халыққа тәрбиелік мәні бар жиындарды аса жауапкершілікпен ұйымдастыруды сұраған.