Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында үш жетім бала тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылған. Прокуратура араласқаннан кейін олардың құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды ult.kz.
Тексеру барысында балалардың кезектен Риддерде уақытша тұрғаны және кезекке қойылғанын растайтын құжаттардың жоғалғаны себепті шығарылғаны анықталған.
Прокурорлық қадағалау актісінен кейін үш бала тұрғын үй кезегіне бастапқы кезекке тұрған күндері сақтала отырып қайта қойылды.
Прокуратура әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.