Балқаш әуежайы қайта жаңғыртудан кейін жұмысын бастады, деп хабарлайды ult.kz.
1 маусымнан бастап жаңартылған Балқаш әуежайы алғашқы жолаушыларын қабылдады. Әуежайға Астана мен Алматы қалаларынан келген рейстер қонды.
Екі жарым жылға созылған жөндеу жұмыстары барысында әуеайлақ инфрақұрылымы толық жаңартылып, рульдеу жолы мен перрон қайта жөнделді. Сондай-ақ, арнайы автокөлік қызметіне арналған жаңа ғимарат бой көтерді.
Қазір Балқашқа:
• Астанадан – күн сайын Qazaq Air рейстері;
• Алматыдан – аптасына 6 рет SCAT рейстері қатынайды.
Мемлекеттік субсидиялардың арқасында әуе билеттері тұрғындар үшін қолжетімді бағада ұсынылуда.